Ауғанстандағы қандастардың Қазақстанға оралу сәтінің видеосы жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.
9 қыркүйекте Кабулдан арнайы рейспен Алматыға 35 қандас, Қазақстанның төрт азаматы және БҰҰ-ның бір қызметкері келді.
Әуе-жайға түсе салысымен, алыстан жеткен жолаушылар карантиндік процедураларға сәйкес, уақытша оқшауланды.
18 тамызда Ауғанстаннан Қазақстан 25 өз азаматын, Қырғызстанның 16 азаматын, Ресей мен Литваның бір-бір азаматы алдыртылды. Сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстандағы көмек миссиясы (UNAMA) мен басқа халықаралық ұйымдарының кеңселері Кабулдан Алматыға уақытша көшірілді.