Жаңаөзен қаласында нигериялық ерлі-зайыпты нәрестелі болды, деп хабарлайды zakon.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Ауруханада дүниеге келген баланың дені сау, салмағы 2 келі 700 грамм. Шетелдік отбасы перзенттерін қалжыңдап "Адай" деп атайды екен. Сәбидің шын есімі — Джордж. Әлеуметтік желіде жас ата-аналарды құттықтаған жергілікті халық көп. Олар балақайдың үлкен азамат болып өсуіне тілектес екендіктерін білдіріп жатыр.
Айта кетейік, ерлі-зайыптылар Жаңаөзен қаласында ағылшын тілінен сабақ береді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram