Маңғыстау 5 миллион еуроға қолдан жаңбыр жаудырғалы отыр

Pixabay
Тәжірибе 13 айға созылады. Маңғыстауда жасанды жауын-шашын тудыруға бюджеттен әлі қаражат қарастырылмаған.

Қыркүйек айының соңында Маңғыстауда жауын-шашын тудыратын техниканы іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы "Ферғанаға" осы жобаны жүзеге асыратын Central Asian Center of Climate Change Technologies (CACCCT) ЖШС бас директоры Алтай Айнабек айтып берді.

12 қыркүйекте CACCCT "Грант Қазақстан" корпоративтік қоры мен облыс әкімдігімен (әкімшілігімен) үшжақты келісімге қол қойылды. Айнабектің айтуынша, Маңғыстау облысында, бес кешеннен тұратын Clear Sky Manager-дің бес жабдығы орнатылады.

Тиімді әрекет ету аймағы - 100 мың шаршы шақырым. [Жабдықтар] елді-мекендерде тұрады, өйткені бізге Интернет, электр қуаты және жақсы инфрақұрылым қажет. Біз осы мәселені реттеу үшін әлі де мамандармен жұмыс істейміз. Енді соңғы 10 жылдағы метеорологиялық деректерді, желдің көтерілуі, жауын-шашын деңгейі туралы мәліметтерді күтудеміз. Содан кейін ғана оны қай жерге орнату керектігін шешеміз, - деді Айнабек.

Оның айтуынша, пилоттық жобаның құны - 5 миллион еуро.

Мұндай технологиялар Орта Азия аумағында, оның ішінде Қазақстанда алғаш рет қолданылатынын ескеріп, біз 3,8 миллион еуроны инвестициялап отырмыз. Тағы 1 миллион 200 мыңын жеке инвесторлар - фермерлер, мұнайшылар және жобаның жүзеге асырылуын қалайтын азаматтар өз қалтасынан шығармақ, - деді ол.

Тәжірибе 13 айға созылады. Маңғыстауда жасанды жауын-шашын тудыруға бюджеттен әлі қаражат қарастырылмаған. Қазақстанның бюджеттік классификациясында бұл үшін қажетті кодтар жоқ, сонымен қатар CACCCT алдымен нәтижені көрсетуге дайын.

Бұған дейін, шілде айының ортасында әлеуметтік желілер мен әлемдік БАҚ БАӘ-де күндізгі 50 градус ыстыққа қарамастан әр жерде нөсер жаңбыр құйғаны хабарланған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады