Олжасты "Алжас, Алжас" деген сайын шынымен ақылынан алжасты. Бояушы бояшы дегенге сақалын бояйды демекші, біздің Олжас ақынды (Сүлейменов) Алжас деген сайын ақылынан шынымен алжасып бара жатқандай. Алжасса алжасқан да шығар, жасы 85-тен асып тоқсанға таяды ғой, дейді қазақтілді телеграм-каналдардың бірі.
Алжас деп оны орыстар айтады. Ал, алжасқан "ақсақалымыз" үнемі сол орыстар мен орыстілділердің сойылын соғудан жалыққан емес. Қазақтар оған атақты да берді, мансапты да берді, тіпті басына да шығарды, сыйлады. Ал, Олжас атамыз сол құрметті білсе ғой, бағаласа ғой, шіркін... Ол қазақтың басына шығып қана қойған жоқ, ол қазақтың басына тышты.
Олжас Сүлейменовтің орыс шовинистерінен еш айырмашылығы жоқ, тіпті кейде олардан да асып түседі. Ерні жыбырлай бастағаннан-ақ қазақтілді қоғамды жек көретінін оңай аңғаруға болады. Сол жеккөрушіліктен болар, ол жыл сайын Алматы атауын Алма-Ата деп өзгерту керегін айтып, бүтін бір ұлтты кемсітіп келеді. Не үшін дейсіз бе? Ол өзін "алматылық" деп санамайды, "алматинец" дейтіні белгілі. Ал, қала Алматы болса орыс грамматикасы бойынша "алматынец" деп жазылады екен, "алматинец" деп жазылу үшін Алма-Ата болу керек. Яғни, Олжас Сүлейменовтің қазақтың тарихына да, тіліне де, мәдениетіне де көлденең қойып, түкіргені бар. Оған бастысы орыс разы болса болды.
Алматы қаласының 1000 жыл бұрынғы ежелгі атауы Алмату, уақыт өте ол тілдің ыңғайына қарай Алматы болып өзгерген. Мұны ойдан айтып отырғанымыз жоқ, тарихи деректерге сүйене айтып отырмыз. Сонау Шағатай заманында мұнда Алмату деген жазуы бар дирхемдер соғылған, оны Алматыдағы музейден көруге болады. Тарихты қазбаласақ Алматының Алматы екенін растайтын мың сан дерек, тарихи еңбектер жетерлік.
Ақыры ұсыныс айтқыш екен, ендеше біз де Олжас ақынға өз есімін ресми Алжас деп өзгертуді ұсынамыз. Қазақылықтан намыстанады ма, ендеше орысша Алжас болсын. Шашы күнге ағарды деген осы шығар... Құдай, қартайғанда бізді мұндай абыройсыз болудан, ақылдан алжасудан сақтай көр!