Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры Аграрлық несие корпорациясына қосылды

primeminister.kz
Қайта ұйымдастыру ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге АНК кең филиалдық желісі базасында "бір терезе" қағидаты бойынша кредиттер алуға мүмкіндік береді.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Холдингтің еншілес компанияларының санын қысқарту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ-ты (АШҚҚҚ) "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ға (АНК) қосылуы туралы шешім қабылданды, делінген primeminister.kz сайтында.

АНК-ға АШҚҚҚ-ның микробизнесті кредиттеу, өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру функциялары және "Дипломмен ауылға" жобасы аясында "Ауылдық ипотека" бойынша агент функциялары, "Даму" қорына – кредиттерді кепілдендіру бойынша АШҚҚҚ функциялары берілетін болды.

Қайта ұйымдастыру ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге АНК кең филиалдық желісі базасында "бір терезе" қағидаты бойынша кредиттер алуға мүмкіндік береді. Бұл ретте АӨК субъектілерін қаржыландырудың қолданыстағы шарттары сақталады.

Отырысқа қатысушылар биылғы жылдың II тоқсанындағы тәуекелдер жөніндегі есепті, сондай-ақ Холдингтің басқармасы, Директорлар кеңесі, Корпоративтік хатшысы және Корпоративтік хатшының қызметі туралы ережелерге өзгерістер мен толықтыруларды бекітті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр