Мағауия Сарбасов: Түркияда қазақтың 9 ұлттық мәдени орталығы бар

Олардың барлығымен меморандумдарға қол қойылды.

Шетелдегі отандастар үшін қазақ тілі мен мәдениетін сақтап, оның тарату саласындағы жұмыс – қазақ мәдени орталықтарының негізгі міндеті, дейді "Отандастар қоры" КЕАҚ Вице-президенті Мағауия Сарбасов, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазір Түркияда өзіміздің қандастарымыз басқаратын 9 қазақ ұлттық мәдени орталық қызмет етеді. Олар: "Қазақ түріктер қоры", "КАТЕАД "Қазақ зерттеу және білім қоры", "Еуразия Қазақ мәдениет және әлеуметтік ынтамақтастық қоры", "Яссауи діни медреселік қоғамы", "Салихли Қазақ мәдениет және әлеуметтік ынтамақтастық қоры" (Маниса қаласы), "Алтай ауылы мәдениет және әлеуметтік ынтамақтастық қоры" (Нийде қаласы), "Конья Исмил Қазақ мәдениет және әлеуметтік ынтамақтастық қоры" (Конья қаласы), "Анталия қазақ қоғамы" (Анталия қаласы), "Kazakistan ve avrasya devletlerinin dostlyk ve kultur dernegi" (Анталия қаласы).

Олардың барлығымен байланыс орнатылған және белсенді жұмыс істейтін орталықтармен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды, деді "Отандастар қоры" КЕАҚ Вице-президенті Мағауия Сарбасов.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: