Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы және Мәскеулік ЦСКА-ның жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов РПЛ-ның 9-турында "Нижний Новгородпен" болған матчтың (2:0) үздік ойыншысы деп танылды, деп хабарлайды zakon.kz aladop.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов алаңға негізгі құрамда шығып, толық ойын өткізді. Футболшы 31-минутта гол соқты. Осылайша, Зайнутдинов қатарынан екінші матчта гол соқты. Бұған дейін ол Ресей Кубогінде "Зенит-Ижевск" қақпасынан саңылау тапқан еді.
Еске салайық, ойын 2:0 есебімен мәскеулік команданың пайдасына аяқталды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram