Қазақстанда нан қымбаттауы мүмкін бе

pixabay.com
Бүгінде Қазақстан нарығында да, әлемдік нарықта да бидай бағасының өсімі байқалады.

Бидайға немесе ұнға аса сұраныс байқалмайды, демек қазіргі кезде Қазақстанда нан бағасының өсуіне ешқандай алғышарттар жоқ. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингіде ҚР АШМ өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтанов айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Бүгінде Қазақстан нарығында да, әлемдік нарықта да бидай бағасының өсімі байқалады. Бірінші сұрыпты ұннан жасалған формадағы нан әлеуметтік нан деп аталады, яғни бағаны реттеу жүзеге асырылатын тауарлар тізіміне енгізілген. Егер жүргізілген сараптамаларға сүйенетін болсақ, нан бағасының күрт өсуіне негіз байқап отырғанымыз жоқ . Өңірлерде әлеуметтік нан бағасы тұрақты. Қазір бидайға немесе ұнға сұраныс жоқ. Бидай мен ұн нарықта жеткілікті мөлшерде бар. Астық жинау науқаны аяқталып қалды, қамбада бидай бар. Сәйкесінше, ұн шығаратын және нан өндіру кәсіпорындарына да жеткілікті мөлшерде шикізат жеткізіледі, - деді Сұлтанов.

Сонымен бірге ол әлеуметтік нан бағасы өскен жағдайда үкіметтің мемлекеттік реттеу шараларына жүгінетінін де нақтылай кетті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды