10 дана батарейкаға 9 млн теңге – Жамбыл облысының әкімдігі көзге түсті

10 тал батарейка алу үшін жалпы 9 млн 17 мың теңгені бөліп қойыпты.

Жамбыл облысының әкімдігі көлемі сұқ саусақтай кішкентай батарейкаларды сатып алуды жоспарлаған екен, дейді Telegram-дағы каналдардың бірі.

Бірақ ол батарейкалардың бағасы сұмдық: бір данасының құны 901 700 теңге! Барлығы 10 тал батарейка алу үшін жалпы 9 млн 17 мың теңгені бөліп қойып, мәз боп отыр еді, қызық сосын басталды:

Антикор мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сатып алу жоспарланған батарейкалардың бағасы тым асыра көрсетілгенін байқап қойып, әкімдікке бағаны қайта қарастыруға кеңес берумен ғана шектелді, делінеді хабарламада.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: