"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Центральный стадион Алматы, Центральный стадион в Алматы, ФК Кайрат, матч, футбол, футбольный клуб Кайрат, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2026 09:31 Фото: Zakon.kz
26 шілде күні сағат 19:00-де Алматыдағы Орталық стадионда Қазақстан Премьер-лигасының екінші айналымындағы турнир кестесінің көшбасшылары – "Қайрат" пен "Ордабасы" арасында орталық матч өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу қарсаңында стадион қақпалары ойын басталғанға дейін үш сағат бұрын, яғни сағат 16:00-де ашылады. Жанкүйерлер стадионға Абай даңғылы, Сәтбаев көшесі және Байтұрсынов көшесі жағынан кіре алады.

Ұйымдастырушылар көрермендерге қауіпсіздік тексеруінен кедергісіз өтіп, кезекке тап болмау үшін стадионға ертерек келуге кеңес берді. Матчқа арналған барлық билет толық сатылып кеткен.

"Трибуналарда бірде-бір бос орын қалмайды. Әр дауыс, әр эмоция, әрбір қолдау сәті маңызды. Жеңіске бірге жетейік!" – деп үндеу жасады "Қайрат" клубы өз жанкүйерлеріне.

Ал "Ордабасының" жанкүйерлері де белсенді қолдау көрсетуге дайын. Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, Шымкенттен Алматыға бірнеше автобуспен жанкүйер келеді. Олар үшін стадионның 24, 25, 26, 27 және 28-секторларынан орын бөлінген.

Матч өтетін күні қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін екі мыңнан астам полиция қызметкері, Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері және өзге де қызмет өкілдері жұмылдырылады.

Алматы қаласының полиция департаменті жанкүйерлерді:

  • маршруттарын алдын ала жоспарлауға;
  • полиция қызметкерлерінің талаптарын және спорт нысандарындағы тәртіп ережелерін сақтауға;
  • бір-біріне құрметпен қарауға;
  • өз командаларын заң аясында қолдауға шақырды.

"Қайрат" – "Ордабасы" матчы тікелей эфирде Qazsport телеарнасынан көрсетіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: