"Қайрат" "Астанамен" тең ойнап, Қазақстан чемпионы атағын қорғап қалды
Сурет: sportarena.kz
Бұл ел чемпионатының 26-турындағы шешуші, алтын медаль тағдыры шешілген басты матч болды.
Кездесу алаң иелерінің белсенді шабуылдарымен басталды, алайда нақты гол соғатын сәттерге дейін жете алмады. Қонақтар сирек қарсы шабуылдарға шықты, соның бірінде 15-минутта "Астана" капитаны Марин Томасов дәл соққысымен Темірлан Анарбековтың қақпасын дәл көздеп, есеп ашты.
"Қайраттың" есепті теңестіруге талпыныстары нәтиже бермей, бірінші тайм "Астананың" бір голдық басымдығымен аяқталды.
Үзілістен кейін алаң иелері қарсыластың қақпасына шабуылдарын үдете түсіп, көздегендеріне жетті — алматылық команданың үздік сұрмергені Дастан Сәтпаев есепті теңестірді.
Осыдан кейін "Қайрат" ойыншылары шабыттанып, алға шығуға бірнеше мүмкіндік алғанымен, сәттілік бұл сәттерде Григорий Бабаян командасының жағында болды.
Ойын 1:1 есебімен аяқталып, нәтиже соңғы ысқырыққа дейін өзгеріссіз қалды.
Нәтижесінде "Қайрат" қатарынан екінші жыл және клуб тарихында бесінші рет Қазақстан футбол чемпионатының алтын медальдарын жеңіп алды.