"Қайрат" футзалдан Чемпиондар лигасында венгриялық "Халадашпен" тең ойнады

Футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің екінші кездесуінде алматылық "Қайрат" венгриялық "Халадашпен" ойнады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төртінші минутта Золтан Дрот есеп ашқанымен, Альберт Ақбалықов үзіліске дейін есепті теңестіріп үлгерді. Екінші таймда Алекс Виана Қазақстан чемпионын алға шығарса, сиренадан бір секунд бұрын Арнон Сантос Касемиро гол соқты – 2:2.
Осылайша, "Қайрат" топтық екі кездесуден кейін төрт ұпайға қол жеткізді. Финалдық кездесуде Қазақстан құрамасы қазанның 29-нан 30-на қараған түні қазіргі жеңімпаз испаниялық "Пальмамен" кездеседі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript