"Қайрат" футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/4 финалына жолдама алды
Сурет: instagram.com/afckairat
Алматылық "Қайрат" футзалдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жауап матчында Бельгияның "Спортинг-Андерлехт" клубымен ойнады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен матч 5:3 есебімен аяқталды.
Алғашқы ойында (7:3) жеңіске жеткенін ескерсек, қазақстандық клуб турнирдің келесі кезеңіне сенімді түрде өтті.
Бас бапкер Даниэл Жуниордың командасы ойын барысында жоғары қарқын көрсетіп, матчты бақылауда ұстап, екі кездесудің қорытындысы бойынша 12:6 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан күрес федерациясына жаңа президент сайланғанын жазған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript