"Қайраттың" футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының финалындағы қарсыласы белгілі болды

3 мамырға қараған түні Францияның Ле-Ман қаласында футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының екінші жартылай финалдық матчы өтті. Алаңға Еуропаның атақты екі клубы – испаниялық "Пальма" мен португалиялық "Спортинг" шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Футзалдағы екі алып команданың текетіресі екі мәрте турнир жеңімпазы атанған "Пальманың" пайдасына шешілді. Испаниялық клуб қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті. Голдарды Хесус Гордильо, Марио Ривильос және Луан Мюллер соқты.
Енді қазіргі Чемпиондар лигасының жеңімпазы финалда қазақстандық "Қайратпен" кездеседі. Алматылық команда бірінші жартылай финалда испаниялық "Картахенаны" 3:2 есебімен жеңіп шыққан еді.
Қазақстанның вице-чемпионы сапынан Алиссон дубль авторы атанса, жеңіс добын қақпашы Деннис соқты.
"Картахена" құрамынан Мигель Анхель Мельядо мен Габриэль Мотта көзге түсті.
"Қайрат" пен "Пальма" арасындағы "Төрттік финалдың" шешуші ойыны 4 мамырда өтеді. Матч Қазақстан уақыты бойынша сағат 23:00-де басталады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript