Қазақстан күрес федерациясына жаңа президент сайланды

Қазақстан күрес федерациясына жаңа президент сайланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2025 22:20 Сурет: Қазақстан күрес федерациясы
Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясына жаңа басшы сайланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы шешім республикалық қоғамдық бірлестіктің жылдық қорытынды конференциясында қабылданды.

Жиында 2025 жылғы жұмыс нәтижелері, ұлттық құрама командалардың халықаралық жарыстардағы көрсеткіштері және 2026 жылға арналған міндеттер талқыланды. Сондай-ақ федерация президентін сайлау өтті.

Конференция қатысушыларының шешімімен федерацияның жаңа президенті болып Еркін Оқасов сайланды.

"Күрестің туын түсірмей, қазақ спортын әлемге асқақтата беру үшін бар күш-жігерімді саламын. Сенім білдірген барша жанға алғыс айта отырып, өздеріңіздің қолдауларыңыз арқылы талай белесті бірге бағындырамыз деп сенемін!", - деді Еркін Оқасов.

Еркін Оқасов — Батыс Қазақстан облысының тумасы. Ол — кәсіпкер, "ВД Строй-Инжиниринг" ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы. Бұған дейін Qazaq kuresi қауымдастығының вице-президенті қызметін атқарған.

Еске салайық, мұның алдында Дәулет Тұрлыханов Қазақстан күрес федерациясының президенті қызметінен кеткенін хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: