Оралда автомобильдерге қауіпсіздік хаттамаларын заңсыз беру дерегі ашылды

zakon.kz
А.Гавришев ҚК-нің 247-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Өткен жылдың өзінде Қазақстанда 13 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Апаттардың негізгі себептерінің бірі техникалық тексеру кезінде анықталуы тиіс автомобильдің ақаулығы болып табылады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМА Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, заңсыз ақшалай сыйақы үшін жалған мәліметтері бар автокөлікті техникалық тексеру туралы сертификаттар мен хаттамалар беру деректері де орын алуда.

Мысалы, Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті көлік құралдарына оң қауіпсіздік хаттамаларын беруге көмектескені үшін материалдық сыйақы алу дерегінің жолын кесті.

"Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша бөлімшесінің қызметкері А.Гавришев 120 мың теңгеге автокөліктерге ҚР ұлттық стандартының талаптарына сәйкес келмейтін қауіпсіздік хаттамаларын берген. Осылайша, жүргізушілерге де, жол қозғалысының басқа қатысушыларына да қауіп төндірген.

А.Гавришев ҚК-нің 247-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі