Алматы тауларын тұман басады

Қалалық ТЖД ескерту жариялады.

8-10 қазанда Алматы тауларында тұман болады деп күтіледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы тауларында 8-10 қазанда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі, - деп хабарлады қалалық ТЖД.

Алматы қаласының ауа-райы болжамы:

8 қазан, көшпелі бұлт жүріп, күн жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан соққан жел екпіні - 2-7 м / с. Ауа температурасы түнде -3-5 градус аяз, күндіз 9-11 градус жылы болады.
9 қазан, көшпелі бұлт жүріп, күн жауын-шашынсыз болады. Жел екпіні - 2-7 м / с. Сынап бағаны түнде +1-3, күндіз +9-11 градусты көрсетеді.
10 қазан, көшпелі бұлт жүріп, күндіз жаңбыр жауады. Жел екпіні - 2-7 м / с. Ауа температурасы түнде +2-4, күндіз +8-10 градус жылы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: