Қазақ стайл көрсетем. Боксшы Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

twitter.com/qazaqstyle
5 қарашада ол Хассан Ндам Нжикамға қарсы жекпе-жек өткізеді.

Жеңілмеген қазақстандық нокаутшы Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды zakon.kz.

Мен басқамын, оны бәрі біледі. Менің стилім басқа. Қазақ стилі – әлемдегі ең үздік стиль. 5 қарашада мұны көрсетемін, - деп жазды боксшы өзінің Twitter парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, 5 қарашада Лас-Вегаста Top Rank бокс кеші аясында Жәнібек Әлімханұлы бұрынғы әлем чемпионы, француз Хассан Ндам Нжикамға қарсы жекпе-жек өткізеді.

Қазақстандық боксшы үшін бұл биылғы екінші жекпе-жек. Маусым айында орта салмақтағы кәсіпқой боксшы, американың бұрынғы чемпионы Роб Брантты уақытынан бұрын жеңді.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов неге қызметтерінен босатылды

Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам зардап шекті