Ресейде ұрланған автокөліктер қазақтарға сатылып жатыр

ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ресейде іздеуде болған 2 көлікті ШҚО полицейлері анықтады.

Ағымдағы жылдың 11-17 қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында қылмысқа қарсы күрестің бірлескен шараларының мемлекетаралық бағдарламасы шеңберінде ұрлықты ашуға және автокөлікті айдап әкету, оның ішінде автокөлік құралдарын ұрлаумен айналысатын халықаралық қылмыстық топтар қызметінің жолы кесілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Криминалдық полиция қызметкерлері ЖАІШ барысында 2 күн ішінде айдап әкетудің 3 фактісін, оның ішінде бұрын жасалған 2 қылмысты ашты. Барлық істер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұдан басқа, жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде ұрланған автокөліктерді, қосалқы бөлшектерді (автобөлшектер, бұрын пайдалануда болған қосалқы бөлшектерді сату бойынша сауда нүктелері, ТҚС және т.б.) өткізу орындары тексерілді, автокөлік ағынын тексеру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды, нәтижесінде Ресей Федерациясында айдап әкетуде есепте тұрған 2 автокөлік анықталды.

Аталған автокөліктер айыппұл тұрағына қойылды, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Ақтөбеде соққан дүлей дауыл ағаштарды құлатып, көліктерді аударды

Дәрі бағасын бақылау күшейеді: министрлік жаңа тізім әзірледі