"Астана" велоклубының капитаны кетеді

astanapremiertech.com
Фульсанг "Астана" велокомандасы құрамында тоғыз маусым өткізіп, команда капитаны деңгейіне дейін жетті.

Қазақстандық "Астана" велокомандасының көшбасшыларының бірі – даниялық Якоб Фульсанг жаңа маусымда басқа велокомандаға ауысады, деп хабарлайды zakon.kz.

Якоб Фульсанг пен Уго Ул Israel Start-Up Nation-ға көшетіні Израиль командасының Instagram-дағы парақшасында жарияланды. Даниялықтар Israel Start-Up Nation-пен үш жылдық келісімшартқа қол қойды.

Фульсанг "Астана" велокомандасы құрамында тоғыз маусым өткізіп, команда капитаны деңгейіне дейін жетті.

Ол "Льеж-Бастонь-Льеж", "Джиро ди Ломбардия" командаларымен болған ойындарда жеңіске жетті, "Критериум Дофине" және "Вуэль Андалусия" командаларымен болған қос бірдей жарыста топ жарды.

Испаниялық "Вуэльта" және "Алматы турында", сондай-ақ түрлі көпкүндік жарыстарда сынға түсті.

Уго Ул "Астананың" намысын соңғы төрт жыл бойы қорғады. Биылғы жылы ол бөлек жарыс бойынша Дания чемпионы атанды.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

25 тамыздан бастап Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айырудың жаңа негіздері күшіне енеді