Франция президенті футболды керемет ойнайды екен

elysee.fr
Пенальтиден гол соқты.


Франция президенті Эммануэль Макрон қайырымдылық матчында футбол ойнады, деп хабарлады zakon.kz.

43 жастағы француз саясаткері жартылай корғаушы позициясында ойнап, пенальтиден гол соқты, - деп хабарлайды қайырымдылық турнирінің баспасөз қызметі.

Макронның командасы Пуасси ауруханасының қызметкерлеріне қарсы ойнап, дәрігерлерді 6:1 есебімен жеңді. Матч Париждегі және Франциядағы ауруханалар қорына қаражат жинау мақсатында өткізілді.

Қайырымдылық матчына француз футболының бұрынғы жұлдыздары қатысты. Олардың қатарында Марсель Десайи, Роберт Пирес, Ален Жиресс, Кристиан Карамбе, Руди Гарсиа, Сидней Гову, Мэтью Бодмер, сондай-ақ "Арсеналдың" бұрынғы бапкері Арсен Венгер бар.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Социс-А" ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумдағы экзитпол нәтижелерін жариялады

Тоқаев: Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді

Референдум: үшінші экзитпол нәтижелері жарияланды

Еуразиялық интеграция институтының экзитпол нәтижелері

ҚР ІІМ: дауыс беру барысындағы қоғамдық тәртіп толық бақылауда