2021 жылдың 9 айында өткен жылмен салыстырғанда салықтық түсімдер 31%-ға көп түсті, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Қаржы министрлігіне сілтеме жасап.
2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдер бойынша жоспар 103,8%-ға орындалып (жоспар бойынша 7 263,7 млрд теңге, жоспардан 274,5 млрд теңгеге ауытқумен 7 538,2 млрд теңге түсті), өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30,8%-ға немесе 1 775,7 млрд теңгеге өсті.
Оның ішінде, республикалық бюджет 100,4%-ға орындалып (жоспар бойынша 4 898,9 млрд теңге, жоспардан 21,6 млрд теңгеге ауытқумен 4 920,6 млрд теңге түсті), өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 36,6%-ға немесе 1 319,2 млрд теңгеге өсті;
Жергілікті бюджет 110,7%-ға орындалып (жоспар бойынша 2 364,8 млрд теңге, жоспардан 252,9 млрд теңгеге ауытқумен 2 617,7 млрд теңге түсті), 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 21,1%-ға немесе 456,5 млрд теңгеге өсті.