"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Алматы өндірістік филиалы орташа қысымды Д-720 мм жерасты газ құбырында апатқа қарсы профилактикалық жөндеу жұмыстары жүргізілгені туралы хабарлайды.
Бостандық ауданының тұтынушыларына газды үздіксіз беруді қамтамасыз ету мақсатында газ құбырының учаскесін ауыстыру қажет.
Осыған байланысты, ағымдағы жылғы 18-19 қазан аралығында әл-Фараби даңғылы - Тоқжайлау - Қожакеев көшесі - Подгорная; Мирас шағын ауданы, Лисянский көшесінен Нұр Алатау шағын ауданында орналасқан тұрғын үйлер мен объектілерде газбен жабдықтау ажыратылатын болады.
Қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз. "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ АӨФ жөндеу-апаттық бригадалары тұтынушыларды газбен жабдықтау бойынша жұмыстың қалыпты режимін тез арада қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.