Семей қаласында оқу процесіне кедергі келтіріп, мұғалімдерді көше сыпыруға жіберген, деп хабарлайды zakon.kz.
"Семей қаласында оқу процесіне кедергі келтіріп, мұғалімдерді көше сыпыруға жіберген. Шамасы, мұндай тапсырманы қала әкімінің орынбасары беріп, осындай мазмұндағы хат мектептерге таратылған. 2019 жылдың желтоқсанында қабылданған Заң шеңберінде педагогтерді өзіне тән емес функцияларға тартуға тыйым салынады. Содан бері мұғалімдер тек тікелей функционалдық міндеттермен айналысуы керек екенін түсіну үшін уақыт жеткілікті болды", - деп жазды ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында.
Министр мұндай заңбұзушылық үшін 200-ге жуық басшы жазаланатынын атап өтті.
"Мұндай заңбұзушылықтар үшін екі жүзге жуық басшы жазаланды. Олар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тіпті жұмыстан шығарылды. Семей қаласындағы оқиғаға байланысты Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті әкімшілік іс қозғап, тексеру жүргізіп жатыр. Қала әкімі орынбасарының бұл жағдайға қатысты екені расталған жағдайда, аталған лауазымды тұлға және өзге тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Біз сондай-ақ қажетті шаралар қабылдау үшін Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жүгінеміз. Сонымен қатар қалалық білім бөлімінің басшысы да жауапкершілікке тартылады", - деді А. Аймағамбетов.
Дайана Тоқберген