Профессор, медицина ғылымдарының докторы, жұқпалы аурулар жөніндегі дәрігер Николай Малышев балаларға арналған COVID-19 вакцинасының ерекшеліктері туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
"Антидененің (балаларға арналған КВИ вакцинасында – ред.) мөлшері едәуір аз. Бұл эпидемиологиялық және иммунологиялық тиімділік үшін жеткілікті деп саналды. Вакцинаның қорғаныс функциясы сақталады, бірақ антидене әлдеқайда аз болады, реактогенділік әлдеқайда аз болады", - деген үзінді келтірді РИА Новости.
Сондай-ақ, ол коронавирустық инфекцияны жұқтырғаннан кейін балаларды реанимацияға жатқызу жағдайлары болғанын айтты.
"Балалар арасында өлім сирек, бірақ өлім жағдайлары тіркелді", - деді инфекционист.
Бұған дейін Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Эпидемиология және микробиология ҒЗО-дан жасөспірімдерге арналған Гамалеи атындағы "Гам-КОВИД-Вак-М" COVID-19 вакцинасы тіркеуге туралы құжаттар пакетін алды.
Бақытжан Отарбаева