Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында нан бағасы 2020 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 6,1%-ға өсті, деп хабарлайды zakon.kz.
Қара бидай нанының бағасы 9,9%-ға, жоғары сұрыпты бидай наны 7,8%-ға, бірінші сұрыпты ұн 5,1%-ға өсті.
Анықтама үшін: бір жыл бұрын осыған ұқсас кезеңде нан құнының жылдық өсуі 11,6%-ды құрады.
ҚР барлық өңірлерінде нан қымбаттады.
Бағалар Нұр-Сұлтанда 12,2%-ға өсті, одан кейін Солтүстік Қазақстан (+9,6%) және Ақмола (+9,5%) облыстары тұр.
Тоғыз айдың қорытындысы бойынша ең төменгі жылдық өсім Ақтөбе облысында (2020 жылғы қаңтар-қыркүйекке+1,2%), Шымкентте (+2,6%) және Маңғыстау облысында (+3%) байқалды.
Сондай-ақ, қазақстандықтардың рационында нан тұтынудың төмендеуі байқалады.
Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында бірінші сұрыпты ұннан бидай нанын тұтыну орта есеппен жан басына шаққанда 16,5 кг, қара бидай наны 1,3 кг құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, тиісінше 3,5%-ға және 10,3%-ға аз.
Бақытжан Отарбаева