Ералы Тоғжанов вакциналау деңгейі төмен өңірлерді атады

Павел Михеев / zakon.kz
Өңірлердің әкімдері Шығыс Қазақстан облысының тәжірибесін үлгі етіп, вакциналауды ұйымдастыру жөнінде түбегейлі шаралар қабылдауы тиіс.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкімет отырысында халықты коронавирусқа қарсы вакциналау деңгейі төмен өңірлерді атады, деп хабарлайды zakon.kz.

Халықты вакциналау бойынша, биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап жоспардың ең төмен орындалуы Нұр-Сұлтан, Маңғыстау және Қостанай облыстарында 10-13% деңгейінде байқалды, - деп хабарлады Тоғжанов.

Ол премьер-министр Асқар Мамин бірнеше рет өңірлерге вакцина қарқынын жылдамдатуға тапсырма бергенін еске салды. Алайда, оның бағалауы бойынша, тапсырма тиісті түрде орындалмады.

Өңірлердің әкімдері Шығыс Қазақстан облысының тәжірибесін үлгі етіп, вакциналауды ұйымдастыру жөнінде түбегейлі шаралар қабылдауы тиіс, сондай-ақ вакцина жоспарын орындамағаны үшін әкімдіктер басшылығы жауап беруі тиіс. Оң динамика болмаған жағдайда, әкімдердің жетекшілік ететін орынбасарларына тәртіптік сипаттағы шаралар қабылдау орынды деп санаймыз, - деп түйіндеді премьер-министрдің орынбасары.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Құрылтай құрамына кімдер енді: саяси партиялар кандидаттар тізімін жариялай бастады

Аудит нәтижесі: Қазақстан атынан шетелге баратын спорт делегациясы қатаң іріктелетін болды

Boeing ұшағы Атлант мұхитының үстінде белгісіз себеппен апаттық сигнал берді

Алматыда қыркүйек қандай болады: күзгі салқын қашан келеді және "күзгі жылымықты" күтуге бола ма