Көкшетауда мұғалім балалардың маңдайына "дәптер" деп жазды

zakon.kz
Бірінші сынып оқушылары үйдегі дәптерлерді ұмытпауы үшін.

Көкшетау мектептерінің бірінде мұғалім бірінші сынып оқушылары үйдегі дәптерлерді ұмытпауы үшін 12 оқушының маңдайына "дәптер" деп жазып жіберген, деп хабарлайды zakon.kz.

Sputnik Қазақстан мәліметінше, оқиға 18 қазанда №13 мектеп-гимназияда болған.

Мектеп директоры Светлана Ахметжанова атап өткендей, бұл мұғалімнің 27 жылдық кәсіби өтілі бар.

Оқиғадан кейін мұғаліммен әңгіме жүргізіліп, ол жұмыстан босатылды.

19 қазанда еңбек шарты біржақты тәртіппен бұзылды, деп түсіндірді мектеп-гимназия әкімшілігі.

Сондай-ақ оқу орнында қызметтік тексеру жүргізілді.

Қазіргі уақытта сыныпта оқу процесі жалғасуда. Балалармен психолог жұмыс істеді, ал ата-аналармен жиналыс өткізілді, деп қорытындылады облыстық Білім басқармасы.

Айта кету керек, кейбір ата-аналар мұғалімді жұмыстан шығармауды өтінді. Олардың пікірінше, ата-аналар балалардың тәрбиесіне назар аударып, мектепке дайындықты бақылауы керек.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев бірден төрт заңға қол қойды

Алматыда қаза тапқан полиция қызметкері жеті баланың әкесі болған

Қазақстанда электромобильдерге бөлек мемлекеттік нөмірлер беріледі