Жапаров өз елінде америкалық базаның орнығу мүмкіндігін жоққа шығарды

president.kg
Америкалық база 2001 жылы Бішкектің Манас әуежайында ашылды және ол Ауғанстандағы мәңгілік бостандық операциясын қолдауға бағытталған болатын.

Қырғыз елі өз аумағында АҚШ әскери базасын орналастырмайды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ел президенті Садыр Жапаров айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

Біздің Кантта (Шу облысы) ресейлік база бар. Бізге осы бір база да жетеді... Екі базаны орналастырып алып, ықпалды елдермен арада мысық пен тышқан ойнап жүретін жайымыз жоқ, - деді Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров.

Сондай-ақ ол республикадағы америкалық әскери нысан 2014 жылы жұмысын тоқтатқанын атап өтті.

Америкалық база 2001 жылы Бішкектің Манас әуежайында ашылды және ол Ауғанстандағы мәңгілік бостандық операциясын қолдауға бағытталған болатын.

Ресейдің "Кант" әуе базасы Қырғыз жерінде орналасқан. Ол - ҰҚШҰ Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің авиациялық құрамдас бөлігі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Қазақстанда бала туғаны үшін қанша төленеді және оны қалай алуға болады