Павлодар облысында IX-XI ғасырлардың қорғандары табылды

ҚР БҒМ баспасөз қызметі
Қорғандар астанасы Ертіс өңірінде орналасқан көшпелі империя — Қимақ қағанатының өмір сүру кезеңіне жатады.

Павлодар педагогикалық университетінің ғалымдары IX-XI ғасырлардағы құнды қорғандарды тапты, деп хабарлайды zakon.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар Павлодар облысы Байдала ауылының маңынан археологиялық жұмыстар барысында табылған.

Археологтардың пікірінше, қорғандар астанасы Ертіс өңірінде орналасқан көшпелі империя — Қимақ қағанатының өмір сүру кезеңіне жатады.

Археологиялық экспедиция жетекшісі, Павлодар университетінің Margulan Centre директоры Тимур Смағұловтың айтуынша, Байдала ауылы маңындағы қимақ қорғандары үлкен ғылыми құндылыққа ие. Топырақтың химиялық құрамына байланысты ағаш бұйымдары, жібектен тігілген киімдер, сондай-ақ былғары мен металдан жасалған түрлі заттар сақталған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазба жұмыстары барысында Еуразия аумағындағы ортағасырлық көшпелілердің жылжымалы тұрғын үйінің жақсы сақталған жалғыз данасы болып саналатын «Қимақ күймесі» табылған болатын.

Павлодар университетінің ғылыми қызметкерлері скиф-сақ дәуірінің жерлеу орындарын да зерттеп жатыр. Мысалы, қорғандардың бірінен б. з. д. 1 мыңжылдықтың екінші жартысына жататын қыш ыдыстар мен ересек адамның сүйектері табылды.

Ғалымдардан басқа археологиялық жұмыстарға Павлодар педагогикалық университеті мен Торайғыров университетінің студенттері қатысып жатыр.

Ғылыми экспедициялардағы жас қатысушылардың санының жыл сайын артып келе жатқаны да маңызды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды