Түркіменстанда Тоқаев "Ел есінде" мемориалды кешеніне барды

Ақорда
Кешенде аталған оқиғаларда қаза тапқандар мен батырларға қойылған ескерткіштер, монументтер бар.

Мемлекет басшысы "Ел есінде" мемориалды кешеніне және "Қасиетті Отан" музейіне барды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан Президенті Түрікменстанға мемлекеттік сапары аясында 1881 жылғы шайқасты, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды және 1948 жылғы Ашхабад жер сілкінісінің құрбандарын еске алуға арналған тарихи кешенге барды, делінген Ақорда сайтында.

Кешенде аталған оқиғаларда қаза тапқандар мен батырларға қойылған ескерткіштер, монументтер бар.

"Қасиетті Отан" музейінде Мемлекет басшысына Ұлы Отан соғысындағы әскери оқиғалардың макеттері мен жер сілкінісінің экспонаттары таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі