Цой шетелдік вакциналардың бағасын айтты

primeminister.kz
Бағаны белгілеу сатып алу бағасына байланысты болады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда ақылы вакцинаның бағасы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Мен нақты айта алмаймын, өйткені бұл коммерциялық сегмент. Жалпы, вакциналар қымбат емес. Егер біз басқа вакциналарға қарайтын болсақ, олар әртүрлі шектерде – 2 мыңнан 5 мың теңгеге дейін. Сондықтан бағаны белгілеу сатып алу бағасына байланысты болады, – деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, негізгі дистрибьюторлар келесі жылдан бастап нарықта қол жетімді болатын қосымша вакциналар пулын іске қосу туралы хабардар етілген және осы мәселені пысықтап жатыр.

Мысалы, тұмауға қарсы вакцина. Біз бір вакцинаны сатып аламыз, бірақ сонымен бірге коммерциялық нарыққа балама аналогтарды ұсынуға мүмкіндік береміз, – деді Алексей Цой.

Бұған дейін Үкімет отырысында ол елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы айтты. Оның айтуынша, соңғы екі айда ауру 4,5 есе, ал өлім 4,8 есеге азайды.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі