Бразилия cенаторлары президентке тағылған айыптармен келісті

facebook.com/jairmessias.bolsonaro
11 сенатордың жетеуі Болсонаруға қарсы дауыс берді.

Бразилия Сенатының комиссиясы Үкіметтің COVID-19 пандемиясына қарсы күрестегі жұмыстарын зерттеп, ел президенті Жаир Болсонаруға айып тақты. Сенаторлардың көпшілігі бұл айыппен келісіп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

11 сенатордың жетеуі Болсонаруға қарсы дауыс берді.

Болсонаруға тағылған айыптар: эпидемия кезінде санитарлық талаптарды бұзу, өлімге әкелген жағдайлар, қылмысқа арандату, құжаттарды бұрмалау, мемлекеттік қаржыны тиімсіз пайдалану, адамзатқа қарсы қылмыс және әлеуметтік құқықтарды таптау. Оған қоса, айыпталушылар тізімінде оның үш баласы, қазіргі және бұрынғы министрлер, федералды депутаттар мен кәсіпкерлер бар.

Дауыс беруден кейін сенаторлар коронавирустан қайтыс болған 606 мың адамды еске алып, бір минут үнсіздік жариялады.

Сенат комиссиясы мақұлдаған айыптаулардан кейін Болсонару және оның маңайындағы шенеуніктерге қатысты іс бас прокуратура мен Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сотқа жіберіледі.

Дайана Тоқберген

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды