ҚР бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың адвокаты Дмитрий Курченко Қаржылық мониторинг агенттігі Біржановтың үстінен қылмыстық істі заңсыз қозғағанын мәлімдеді. Ол осы әділетсіздікті айтып, республикалық адвокаттар алқасына жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
2021 жылдың 1сәуірінде Қаржылық мониторинг агенттігі Дмитрий Куряченкоға қатысты қылмыстық іс қозғады. Адвокат тергеу құпиясын ашты және денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысының ісін тергеуге кедергі келтірді деп айыпталды.
Куряченконың айтуынша, тергеушілер оның үйінде, кеңсесінде және көлігінде тінту жүргізуге рұқсат сұраған, бірақ сот тінтуді жөнсіз деп санаған. Сондай-ақ, Әділет департаментіне оның адвокаттық лицензиясын тоқтата тұруды талап ететін хат жолданғанын айтты.
Қорғаушы Елжан Біртановтың сөздерінен заңсыз ештеңе табылмаған соң, іс тоқтатылғанын айтты. Сонымен қатар, адвокаттың өзі бұл қылмыстық іс туралы тамыз айында бірақ білгенін жеткізді. Енді Куряченко Бас прокуратураға тергеушілерге қатысты шаралар қабылдау туралы өтінішпен жүгінді.
Республикалық адвокаттар алқасы тергеушілер заңсыз қудалап, адвокат Дмитрий Куряченконың кәсіби құқықтарын өрескел бұзды деген қорытындыға келді.
Республикалық адвокаттар алқасы тергеу органдарының әрекеттерін заңсыз деп санайды. Адвокатураның объективтілігі, тәуелсіздігі сынды қағидаттарына нұқсан келтіруге болмайды, - делінген алқа хабарламасында.
Zakon.kz редакциясы Қаржылық мониторинг агенттігіне осы істің мән-жайына қатысты түсініктеме беруді сұрап, хат жолдады.
Дайана Тоқберген