Қазақстанның төрт облысы бойынша дауылды ескерту жарияланды

pixabay.com
Синоптиктер 29-30 қазанға арналған ауа-райы болжамымен бөлісті.

29 қазанда Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында ауа-райы бұзылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктер Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады деп болжап отыр. 30 қазанда өңірдің солтүстігі мен батысында боран соғып, көктайғақ, оңтүстік-батыста тұман түседі деп күтіледі.

29 қазанда Түркістан облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Ал Ақмола облысында көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елімізде жаңбыр, қар жауып, -6 градусқа дейін аяз болады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" жолдауы: толық мәтін

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі