Өзбекстанда кәсіпкерлерге 1 млн долларға дейін несие беріледі

pixabay
Өтемақыны Кәсіпкерлікті қолдау қоры төлеп береді.

Өзбекстанда кәсіпкерлер бұдан әрі 1 млн долларға дейін несие ала алады.

Өзбекстан президенті 27 қазанда қол қойған бұйрыққа сәйкес, несие ұлттық валютамен беріледі. Несиенің Орталық банктің базалық ставкасынан (14%) асқан бөлігінің үстеме пайызы кәсіпкерлерге кері қайтарылады. Өтемақыны Кәсіпкерлікті қолдау қоры төлеп береді.

Құжатта 1 қарашадан бастап Өзбекстан атынан кәсіпкерлікті қолдау жобасы үшін халықаралық қаржы институттарынан және шетелдік үкіметтік ұйымдардан алынған несиелер жобаға қатысқан қаржы ұйымдары тарапынан 10 жылдан кем емес мерзімге қайта қаржыландырылатыны да айтылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

ДСМ жүргізушілерді медициналық куәландырудан өткізу тәртібіне өзгерістер енгізетін болды

Ол тастап кетті: Мөлдір Әуелбекова күйеуінен ажырасқанын мойындады

Қазақстандық ұстаз әлемнің үздік тревел-блогері атағына ие болды