Қазақстанда 3300-ден астам адам орган ауыстыру кезегінде тұр

видеодан кадр
Бұл туралы сенатор Ақмарал Әлназарова Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында мәлімдеді.

Елімізде 3300-ден аса адам органдарын ауыстыру кезегінде тұр. Оның 105-і бала. Ал, 200-ден астам азамат кезегі келместен, қаза тапқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы сенатор Ақмарал Әлназарова Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында мәлімдеді, дейді "Астана" телеарнасы.

Оның айтуынша Қазақстанда трансплантологияға кезек өте баяу жүреді. Оған қоса, пациенттердің саны да артқан. Сенатор аталмыш медициналық қызметті толыққанды қалыптастыру үшін әлі де жағдай жасау керектігін, сонымен қатар халыққа донорлық туралы ақпаратты дұрыс жеткізе білу керек екенін айтты.

Депутат Қазақстандағы трансплантологияның дамуын тежейтін негізгі себептерге тоқталды. Қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаның жетілмегендігі, донорлық стационарлардың материалдық-техникалық базасының төмендігі, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің құқықтық тұрғыда қорғалмағанын жатқызды. Сондай-ақ, донорлық органдар мен трансплантация бригадаларын аудандардан орталыққа уақытылы, қауіпсіз жеткізудің техникалық қиындықтары бар екенін атап өтті.

Ақмарал Әлназарова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Осы жағдайларды ескере отырып, Үкімет ел ішіндегі трансплантологиялық қызметті жақсартуға, дамытуға қолғабыс болса. Сонда ғана Қазақстанда аталмыш мәселе шешімін табады деп үміттеміз.

Д. Жарқымбек



Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды