Ресей Қазақстанның вакцина паспортын әзірге мойындамай отыр

Сурет: zakon.kz
Нақты мерзім туралы айта алмайды.

Ресей вакцина сертификаттарын өзара мойындау туралы Қазақстанның бастамасын қолдайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова мәлімдеді.

"Жалпы, Ресей қазақстандық әріптестердің екпе сертификаттарын өзара мойындау туралы бастамасын қолдайды. Мұндай бастаманы жүзеге асырудың әлеуетті платформаларының бірі "Covid-19-сыз саяхат" қосымшасы болуы мүмкін", – деді дипломат.

"ТАСС" хабарламасында айтылғандай, қазір бұл мәселе екі елдің түрлі ведомстволары арқылы белсенді түрде пысықталуда.

2 қарашада Роспотребнадзор, Қаржы министрлігі және Ресей СІМ өкілдерінің осы мәселе бойынша кезекті кездесуі өткен.

Ресейде вакцина сертификаттарын тану мәселесі бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды, тиісті келісімнің жобасы дайындалды, ол біздің еліміздің мүдделі федералды органдарымен және ведомстволарымен келісу рәсімі өтуде, – деді Захарова. - Бірден бірнеше елдің екпе сертификаттарын тануды реттеу жоспарлануда.

Бұл ретте дипломат тиісті шешім қабылдау мерзімін айтпады.

Нақты мерзім туралы айта алмаймын. Бұл жұмыс өте қарқынды жүргізіліп жатқанына сендіре аламын, - деп түйіндеді ол.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды