Цой өзінің отставкаға кетуін талап етушілерге жауап берді

primeminister.kz
Осы орайда журналистер қоғам қайраткерінің мұндай мәлімдемесі министрдің шымбайына батқан-батпағанын сұрады.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте кейбір адамдардың өзінің отставкаға кетуі туралы өтінішіне қалай қарайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

БАҚ өкілдері онкологиялық науқастарға көмектесу қорының құрылтайшыларының бірінің Алексей Цойдың отставкаға кетуін талап еткені туралы үндеуді еске салды.Оның үстіне бұл үндеуді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова ар-намысқа тию, қорлау фактісі бойынша полицияға арызданғанын, алайда полиция ешқандай шара қабылдамағаны да айтылды.

Осы орайда журналистер қоғам қайраткерінің мұндай мәлімдемесі министрдің шымбайына батқан-батпағанын сұрады.

Мен оған еш ренжіген жоқпын, себебі біздің елде кез келген азаматтың өз пікірін білдіруге құқығы бар. Мен мұны пікір білдіру деп қабылдаймын, – деді Денсаулық сақтау министрі.

Есмағамбетова өз кезегінде өз әрекетін "дағдылы тәжірибе" деп атады.

Иә, мен қол қойған арыз Ішкі істер министрлігіне арызданушының әрекетіне баға беру үшін өтінішін жолдадық. Менің ойымша, бұл дағдылы тәжірибе. Комитетке күн сайын 100-150 қоңырау келіп түседі. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға қатысты үндеуге келетін болсақ, бұл қорлау болған-болмағанын бағалау үшін менің полицияға бірінші рет жүгінуім болды, - деп түйіндеді өз сөзін ведомство басшысы.

Мәдина Мамырханова, Кәмшат Сатиева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды