Еліміздің алты өңірі бойынша дауылды ескерту жарияланды

pixabay
Синоптиктер 13 қарашаға арналған ауа-райы болжамын жариялады.

Қазақстанның алты облысы бойынша дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" орталығының деректері бойынша, күндіз 13 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, солтүстікте, батыста көктайғақ, бұрқасын болады, түнде және таңертең батыста тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, күндіз - 15-20 м/с, оңтүстік-батыста желдің екпіні 25 м / с жетеді.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман түседі, күндіз солтүстік батыста көктайғақ, бұрқасын болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, бұрқасын болады деп күтіледі. Оңтүстік батыстан солтүстік батысқа ұйытқи ойыса, жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді.

Ақмола облысының солтүстік батысы мен оңтүстік шығысында көктайғақ, бұрқасын болады, түнде және таңертең солтүстік шығыста тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, Көкшетауда таңертең және күндіз көктайғақ болады деп күтіледі.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстік-батысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Түнде солтүстікте, күндіз Ақтөбе облысының басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік батыстан жел соғады, облыстың солтүстік жартысында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді, Ақтөбеде түнде көктайғақ болады. Жел оңтүстік батыстан соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Конституциялық сот жұмысына қайта оралғысы келетіндерді қамтитын заңдағы маңызды тармақты өзгертті