Каддафидің ұлы Ливия президенттігіне үміткер болып тіркелді

Сейф әл-Ислам Каддафи 2011 жылы әкесіне қарсы көтерілісті басуға тікелей қатысты.

Ливияның тақтан құлатылған экс-лидері Муаммар Каддафидің екінші ұлы Сейф әл-Ислам биыл желтоқсан айының соңында өтетін президент сайлауына өз кандидатурасын тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

BBC жазғандай, халық алдында көп көріне бермейтін Сейф әл-Ислам Каддафи әкесінің көзі тірісінде премьер-министр қызметін атқарды.

Сейф әл-Ислам Каддафи 2011 жылы әкесіне қарсы көтерілісті басуға тікелей қатысты. Соған байланысты Гаагадағы халықаралық трибуналдың әлі күнге дейін оны кісі өлтіру және қудалау бойынша тұтқындауға ордері бар.

Ағымдағы жылдың тамыз айында БҰҰ қолдайтын Триполи үкіметінің өкілі, Ливия прокуроры Мохаммед Гаруда 49 жастағы Сейф әл-Исламды "Вагнер" жеке әскери компаниясымен сыбайлас деп танып, оны қамауға алуға санкция берген. Бұған BBC журналисінің жасаған материалы түрткі болды. Журналистік зерттеуде 2019 жылы Ливиядағы әскери қылмыстарға аталған әскери компанияның қатысы бары айтылады.

Сондай-ақ деректі фильмде Ливияның арнайы қызметі Сейф әл-Исламды "Ливия басшысы лауазымына Ресей ұсынған кандидат" деп мәлімдеген.

Әріпжан Әли

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: