Қазақстандағы автомобиль саны 6,1 млн-нан асты

Бұл тіркелгендері ғана.

Қазақстанда 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 6 101 20 жеңіл автокөлік тіркелген, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,6%-ға артық. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3824,2 мың бірлікті құрады, - дейді Ұлттық статистика бюросы.

Бұл ретте 10 жылдан асқан автомобильдер – 360 148 бірлік ( 2020 жылы – 341 187), 7 жылдан асқан автомобильдер – 77 417 ( 2020 жылы - 51 383), үш жылдан асқан автомобильдер – 64 903 бірлік ( 2020 жылы - 86 033), үш жылдан аспайтын автомобильдер - 108 656 бірлік ( 202 жылы - 83 149) басым.

Аталған кезеңде 9422 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 13 844 адам зардап шекті.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда апат саны 5,5%-ға ұлғайды.

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 27,2 млрд теңге сомасына 60 482 сақтандыру төлемін жүзеге асырды.

Бақытжан Отарбаева

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: