Ақтөбе облысында екі экстремист ұсталды

Zakon.kz
20 АЕК мөлшерінде айыппұл салды.

Ақтөбе облысында деструктивті діни ағымдардың екі жақтаушысы ұсталды Zakon.kz.

Темір ауданының екі тұрғыны WhatsApp мессенджерінде деструктивті діни материалдарды (аудио, видео) таратқаны анықталды.

Полиция қызметкерлері күдіктілерді жауапкершілікке тарту мақсатында тәркіленген деструктивті діни материалдарға сараптама тағайындады және материалды сотқа жіберді.

Сот екі азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабының 1-тармағы "Қазақстан Республикасының аумағында бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін, сол сияқты өзге де өнімдерді дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату" бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салды, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПБ.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты