Бекшин жаңа жылдық корпоративке тыйым салды

pixabay
Кейбір ұжымдар корпоратив деп, кемінде 15 мыңнан ақша жинап жатыр.

Алматыда жаңа жылдық корпоративтік кештер ұйымдастыруға тыйым салынды. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жандарбек Бекшин дәмханалар мен мейрамхана иелерін көп адамдық банкеттерге тапсырыс алмауға шақырды.

– Менің жауабым ең алдымен кәсіпкерлерге бағытталады. Болды, ешқандай ұжымдық той-жиын өтпейді. Коронавирустың таралуы жалғасуда, ондай жағдайда корпоративтік кештер керек емес. Жағдай нашарласа, локдаунға қайта оралуымыз да мүмкін, – деді Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

Қазір Алматы "жасыл" аймақта тұр. Келесі аптаның басында карантин жеңілдетіледі. Сол кезде қоғамдық тамақтану орындарына түнгі 3-ке дейін, ал Ashyq жобасының лидерлеріне таңғы 5-ке дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Орындарды 70 %-ға дейін толтыруға рұқсат берілуі мүмкін.

Сонымен қатар, Алматыдағы кейбір ұжымдар мен мекеме қызметкерлері қазірден-ақ жаңа жылдық корпоративтің қамына кірісіп, кемінде 15 мыңнан ақша жинап жатқандары да бар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды