Қазақстандағы қандай елді мекен алаяқтарға жиі алданады

Zakon.kz
Мұндай құқық бұзушылықтардың көбі Алматыда тіркелген: биыл 7,2 мың жағдай, бұл жыл бұрынғыға қарағанда 27,9%-ға артық.

Қазақстанда алаяқтық оқиғалар бір жыл ішінде 29%-ға артты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Finprom.kz зерттеушілері атап өткендей, 2021 жылдың қаңтар – қазан аралығында елімізде "алаяқтық" бабы бойынша 34,8 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді.

Бұл 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көп, яғни 0,1%-ға. Былтыр ел бойынша 27 мың осындай оқиға тіркелген еді.

Мұндай құқық бұзушылықтардың көбі Алматыда тіркелген: биыл 7,2 мың жағдай, бұл жыл бұрынғыға қарағанда 27,9%-ға артық.

Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы 5,2 мың жағдай, былтырғыдан 49,6%-ға көп. Үштікті Шымкент қорытындылайды (3,2 мың жағдай, плюс 11,5%).

  • Ал Қызылорда облысы бойынша алаяқтық бабы ең аз тіркеліпті. Сыр елінде осындай фактімен 599 жағдай тіркелген. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыға қарағанда 8,5%-ға артық.

Тіркелген осындай құқық бұзушылықтардың 18 мыңы интернет алаяқтары, 294 жағдай — төлем карталарын пайдалана отырып құқық бұзушылық, 116 жағдай — ақша қаражатын қарызға беру арқылы алаяқтық, 70 жағдай — несие беру саласындағы құқық бұзушылыққа, алты жағдай — жер құқығы қатынастары саласындағы алаяқтыққа, бес жағдай — жылжымайтын мүлікпен байланысты құқық бұзушылыққа орын алды.

Сарапшылардың айтуынша, жыл басынан бері алаяқтық әрекеттері салдарынан 50,9 млрд теңге сомасында залал келтірілген. Оның ішінде жеке тұлғаларға келтірілген залал 38 млрд тең, мемлекетке — 8,5 млрд теңге, заңды тұлғаларға — 4,3 млрд теңге.

2021 жылғы қаңтар – қазан қорытындылары бойынша алаяқтық жасаған 4,9 мың адам тіркелді. Бұл — бір жыл бұрынғыға қарағанда 13,2%-ға аз.

Олардың ішінде 4 мың жұмыссыз, 127 жұмысшы, 122 мемлекеттік қызметші, 109 жеке кәсіпкер, 40 оқушы, 10 әскери қызметші болды.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті