2025 жылдың мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады

9 мая, День Победы, Вечный огонь, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2025 10:04 Фото: Zakon.kz
Мамыр айында қазақстандықтар бірден үш мерекені тойлайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
  • 2025 жылдың 1 мамыры – Қазақстан халқының бірлігі күні.
  • 2025 жылғы 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні.
  • 2025 жылғы 9 мамыр – Жеңіс күні.

1 мамыр демалыс

Мереке бейсенбі күніне түсіп тұр. Сәйкесінше жұмыс барысы төмендегідей белгіленді:

  • бес күндік жұмыс аптасымен істейтіндер: 1 мамырда демалады, 2 мамыр – жұмыс күні, 3 және 4 мамыр – демалыс күндері;
  • алты күндік жұмыс аптасымен істейтіндер: 1 мамырда демалады, 2 және 3 мамыр – жұмыс күндері, 4 мамыр – демалыс.

7 және 9 мамырдағы мереке күндері

Мереке сәрсенбі және жұма күндеріне сәйкес келеді,бұл күндері қазақстандықтар демалады.

  • бес күндік жұмыс аптасымен істейтіндер: 7 мамырда демалады, 8 мамыр – жұмыс күні, 9, 10, 11 мамыр – демалады.
  • алты күндік жұмыс аптасымен істейтіндер: 7 мамыр – демалады, 8 мамыр – жұмыс күні, 9 мамыр – демалыс күні, 10 мамыр – жұмыс күні, 11 мамыр – демалыс күні.

2025 жылғы 11 мамырдағы демалыс күнін жұмыс күніне – 2025 жылғы 8 мамырға ауыстыру жоспарланбаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: