Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады

Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2023 09:27 Сурет: Zakon.kz
Әдеттегідей, елімізде мамыр айында үш мемлекеттік мереке атап өтіледі: Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні. Солардың арқасында қазақстандықтар жалпы саны 11 күн демалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қазақстандықтар:

  • бес күн жұмыс істейтіндер үш күн қатарынан: 29, 30 сәуір (сенбі, жексенбі) және 1 мамыр (дүйсенбі);
  • алты күн жұмыс істейтіндер екі күн: 30 сәуір (жексенбі) және 1 мамыр (дүйсенбі) демалады.

Одан кейін Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні:

  • бес күн жұмыс істейтіндер төрт күн қатарынан демалады: 6, 7, 8, 9 мамыр (сенбі, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі);
  • алты күн жұмыс істейтіндер үш күн қатарынан демалады: 7, 8 және 9 мамыр (жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі).


Сурет: Zakon.kz


Бұған дейін қазақстандықтар үшін қатарынан төрт күн демалыс наурыз айында болатын. Ол кезде елімізде 8 наурыз мен Наурыз тойланатын.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: