2026 жылғы наурыз айында қазақстандықтар қанша күн демалады
Фото: akorda.kz
Көктемнің бірінші айында қазақстандықтар екі мемлекеттік мерекені атап өтеді: Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз және Наурыз мейрамы, деп хабарлайды Zakon.kz.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
- Бес күндік жұмыс аптасы бойынша – 3 күн демалыс: 7, 8 және 9 наурыз (сенбі, жексенбі, дүйсенбі);
- Алты күндік жұмыс аптасы бойынша – 2 күн демалыс: 8 және 9 наурыз (жексенбі, дүйсенбі).
Наурыз мейрамы
- Бес күндік жұмыс аптасы бойынша – 5 күн демалыс: 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз (сенбі, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі);
- Алты күндік жұмыс аптасы бойынша – 4 күн демалыс: 21, 22, 23 және 24 наурыз (сенбі, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі).
Жалпы, бес күндік жұмыс аптасы бар қазақстандықтар наурыз айында 8 мерекелік күнді демалады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript