2026 жылғы қаңтарда қазақстандықтар неше күн демалады
Фото: Zakon.kz
Қаңтар айында қазақстандықтар екі мерекені атап өтеді – Жаңа жыл мен православ Рождествосы, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандықтар Жаңа жылды 31 желтоқсанда қарсы алады, бұл күн – жұмыс күні. Ал 1 және 2 қаңтар – мерекелік күндер. Сонымен қатар, 3 және 4 қаңтар сенбі мен жексенбіге сәйкес келеді.
Осылайша:
- Бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтарды төрт күндік демалыс күтіп тұр – 1, 2, 3 және 4 қаңтар.
- Алты күндік жұмыс аптасында – үш күн демалыс болады.
5 және 6 қаңтар – жұмыс күндері, ал 7 қаңтар православ Рождествосына байланысты қосымша демалыс күні болып белгіленген.
Нәтижесінде, 2026 жылғы қаңтарда бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтарды бес мерекелік күн және қосымша жеті демалыс күні күтеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript