Қытай Шыңжаңда геноцид жасап жатыр. Си Цзиньпиннің қатысы бар – Ұйғыр трибуналы

Сурет: Instagram/atajurt_serikzhan_bilash
Ұйғыр трибуналының шешімі кейбір елдер 2022 жылы Пекинде өтетін қысқы олимпиадаға дипломатиялық бойкот жариялап жатқан тұста шықты

Лондонда орналасқан Ұйғыр трибуналы Қытай билігі Шыңжаңда ұйғыр, қазақ және басқа да мұсылмандарға қарсы геноцид жасап жатыр деген шешім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Трибунал Қытай басшысы Си Цзиньпин бастаған басшыларын Шыңжаңдағы қудалауға "тікелей қатысы бар" деп санайды, деп жазылды Азаттық радиосының сайтында.

Ұйғыр трибуналы биыл қыркүйекте басталып, онда Шыңжаң лагерінде қамауда болған ондаған қазақ пен ұйғырды, куәгерлерді, академиялық зерттеушілерді тыңдалған еді. Шыңжаңдағы лагерьде болдық деген қазақтар Орынбек Көксебек, Ерғазы Отарбай мен Бақытәлі Қазақстаннан Лондонға арнайы барып, тыңдауға бастан өткерген қиындықтарын баяндап берген-ді.

Қытай Шыңжаңдағы ұйғыр мен басқа да аз ұлттардың санын азайту үшін жүйелі түрде ұзақ саясат жүргізген. Бұл мақсатқа жету үшін ұйғырлардың тууын шектеген әрі бақылаған.трибуналды жүргізген заңгер Джеффри Найс

Трибунал Шыңжаңдағы қысымға Қытай президенті Си Цзиньпин, Чэнь Цюаньго мен Компартиядағы басқа да шенеуніктер жауапты деп санайды.

Президент пен басқа да шенеуніктер азаптауға, зорлауға тікелей бұйрық бермеген, бірақ трибунал бұл әрекеттер президент Си Цзиньпиннің саясатының негізінде жүргізілген деп санайды. Себебі мұндай қатаң иерархиялы елде жоғары билік әрбір әрекеттен хабардарДжеффи Найс

Британиялық заңгер Найс Бүкіләлемдік ұйғыр конгресінің сұрауымен үкіметтік емес тәуелсіз Ұйғыр трибуналын 2020 жылы құрған.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады